5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
aspan

ПАНСИОНАТТА ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ ҚОРЛАП, КИІМСІЗ АУЛАДА ҰСТАҒАН

Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтады.

Бас прокуратураның ақпаратынша, мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты фактілер ашылды: пансионат қызметкерлері тұрақты екі дәрменсізді ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен. Жәбірленушілердің бірінің жасы — 84-те. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған. Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды», – делінген хабарламада.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қанша қазақстандық армиядан «қашып» жүр?

admin

ПОЛИЦИЯ ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАЛАРЫН ЖОЙДЫ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКИЯЛЫҚ  ИНВЕСТОРДЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЖАҢА ЗАУЫТ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ