Қоғам

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Түркістан – еліміздің туристік әлеуеті зор өңірдің бірі. Облыс орталығынан бөлек, Отырар өңірі де киелі аймақ саналады. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» -на арнайы барды. Іссапар барысында Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, «Отырар төбе» қалашығының жұмысы барысымен танысты.

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының басшылығы облыс әкіміне музей-қорықтың бүгінгі жай-күйі мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Болашақ даму жоспарына тоқталды.Облыс әкімі ежелден ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің ордасы болған Отырар өлкесінің қазақ өркениеті үшін зор маңызы бар екеніне тоқталып, туристерге танымдық ақпарат беруді, келушілерге сапалы қызмет көрсетуді, туристік әлеуетін одан әрі дамытуды ұсынды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Бұл тыйым салынған: AFM қазақстандықтарға үндеу тастады

admin

АҚШ Украинаға америкалық әскерді жіберу шартын атады

admin

Қазақстанның 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

admin