aspan

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНДА МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛЫП, МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

 Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев облыс тұрғындарын жеке қабылдады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес өткен кездесуде тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер қозғалды.Облыс әкімі орынбасарының қабылдауына жазылған азаматтар мәдениет үйі мен спорт кешенін салу, жастар саябағын салу және ескерткіш орнату мәселелерін көтеріп,  қаржыландыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар айтыскер ақын Әселхан Қалыбекованың 75 жылдығына орай кеш өткізу, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мәселелерін қозғады. Кенесары ханды жас ұрпаққа дәріптеу жөнінде де ұсыныс берілді.
Жалпы қабылдауға  жауапты тұлғалар қатысып, өтініштердің оңтайлы шешілуі қарастырылды. «Ашық әкімдік» кеңсесіне келген азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұхият тыңдаған  Ертай Кенжебекұлы әрбір мәселе заң аясында қаралатынын, ұсыныс пен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстар жүретінін жеткізді. Сондай-ақ оларға түйткілдердің шешілу реті мен заңдылығы түсіндірілді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

СПОНСОР БОЛҒАН СИТИ-СТРОЙ ХАЛЫҚТЫ НЕГЕ ШУЛАТТЫ?!

400 БАЛЛОН АЗОТ ТОТЫҒЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Редактор HAN TV