aspan

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР Сычуань провинциясы Мяньян қаласынан келген делегациямен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы жайлы, оның ішінде Түркістан облысымен арадағы сауда-экономикалық байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды.

 Облыс әкімі ресми делегация өкілдерін 31 қазан күні Түркістан қаласында өтетін Халықаралық инвестициялық форумға қатысуға шақырды. Ауқымды форум аясында бизнес форумдар, Түркістан облысы тауар өндірушілерінің көрмесі мен B2B форматындағы кездесулер өтеді.Басқосуда сондай-ақ өңір басшысы аспан асты елінің өкілдерін өңдеу өнеркәсібі, электротехника, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сынды салаларда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Көршілес елден келген жұмысшы топты басқара келген Мяньян қаласы сауда бюросы директорының орынбасары Ху Хунцзюань ханым аталған салалар аясында ынтымақтастық орнатуға дайындығын білдірді. Айта кетейік, бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция бойынша Қытай ТОП–5 инвестор елдерінің қатарына кіреді. Соңғы 15 жылда Қытайдан тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 24 млрд. АҚШ долларына жеткен. АҚШ доллары және импорт 88,9 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте өзара сауда 2023 жылмен салыстырғанда 11% — ға өсті.Мяньян – 2200 жылдық тарихы бар ғылым мен техника дамыған қала. 5 миллионнан астам халық мекен еткен шаһарда 2023 жылы жалпы ішкі өнім көлемі 400 млрд. юаньннан асқан. Тұтыну тауарларын бөлшек саудада сатудың жалпы көлемі 182,236 млрд. юаньға жеткен.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Әуежайдың өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 500 мың жолаушыға дейін ұлғайды

Телеарна ХанТВ

ЕЛІМІЗДЕ СУ ТАСҚЫНЫ БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Президент тапсырмасы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайту бағытында шаралар қабылдауда

Телеарна ХанТВ