21.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

2025 жылдың сәуір айында өткен «KERUEN SCIENCE» республикалық олимпиадасында Шымкент қаласының атынан қатысқан Seitzhan School оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Олимпиада ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Олимпиадаға еліміздің әр өңірінен келген 320-дан астам оқушы қатысып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін сынады. Нәтижесінде, 146 оқушы жеңімпаз атанып, 72 қола, 43 күміс және 31 алтын медаль иеленді.

Жарысқа қатысқан арасында   Әлі Ақмаржан – 7-сынып оқушысы, химия пәні бойынша күміс медаль иегері; Абдуразах Айдана – биология пәнінен «Ерекше жетістік» грамотасымен марапатталды. Шымкенттің намысын қорғаған жастар арасында Әлібек Айшада бар. Ол бұл жетістіктің оңай болмағанын айтады.

Бұл жетістіктер – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Seitzhan School ұжымы дарынды оқушыларды қолдап, олардың білім мен ғылым саласында дамуына жағдай жалғастыра бермек .

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЮНХЕНДЕ ӘСІРЕ ОҢШЫЛДАРҒА ҚАРСЫ ЖАППАЙ ШЕРУ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

Қызылордада «Алтын күз -2025» салтанатты шарасы өтті

Телеарна ХанТВ

ЗЕЙНЕТКЕРДЕН 46 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН АЛАЯҚТАР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Телеарна ХанТВ