aspan

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДЫ ЛАСТАҒАН 4 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтап, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту шараларын жалғастыруда. Бұл шаралар қоршаған ортаны абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алуға, қоғамдық орындарды ластауды болдырмауға және тұрмыстық, құрылыс қоқыстарын арнайы белгіленген орындардан тыс тастаудың жолын кесуге бағытталған.

Сонымен қатар осындай құқық бұзушылықтар туралы азаматтардан полицияға түсетін өтініштер саны артқан. Бейнебақылау камераларының жазбаларын мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері қоқысты белгіленбеген жерлерде қалдырып кеткен және оны автокөліктердің терезелерінен лақтырған тұрғындарды анықтады. Полиция қызметкерлері 4362 жергілікті тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖОБАСЫ АЯСЫНДА  177 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

«ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕГЕМЕНДІК ТІРЕГІ»

Телеарна ХанТВ

БЕРІК УӘЛИ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ЖАҢА ЗАУЫТТА БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ