23.3 C
Shymkent
27 мая, 2026
Ақпарат

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ АРТТЫ

Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі артты. Тұрғындардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылу көрсеткішінің артқаны да байқалады. Бүгінгі таңда 927 579 азамат, яғни халықтың 82,1 пайызы сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатындағы 700 мыңнан астам адамның жарнасын мемлекет төлеуде. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тұрғындар үшін жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызмет пен есепте тұрған науқастардың дәрі-дәрмекпен қамту аясын кеңейткен. Азаматтар осылайша ай сайынғы жарна есебінен медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болуда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНА ЖАС САРБАЗДАР КЕЛДІ

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ГУМАНИСТ-КҮРЕСКЕРІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ТУРАЛЫ ЖАҢА ФИЛЬМ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ.

СЕНБІЛІК-ТАЗАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ