5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ШАВКАТ МИРЗИЁЕВПЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне ерекше мән беретінін жеткізіп, аталған жиын аймақ елдерінің Еуропа Одағымен диалогын ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Президенттер Алматыдағы бейресми кездесудің нәтижелі өткеніне назар аударды. Сондай-ақ оның қазақ-өзбек қатынастарын тағы бір пысықтап, бірлескен жұмыс бағыттарын айқындауға мүмкіндік бергеніне тоқталды. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша өзара тиімді серіктестік аясын кеңейту ниетін растады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БЛОГЕРЛЕР АҚША БОПСАЛАҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ КУБОГЫНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Телеарна ХанТВ

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЕРЕУІЛ: 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ КӨШЕГЕ ШЫҚТЫ

Телеарна ХанТВ