5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Токаев барша қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, оның мұсылман қауымы үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында Рамазан – рухани тазару мен иманды күшейту кезеңі екенін атап өтті. Ораза ұстау адамды сабырлылыққа, жауапкершілікке баулиды, айналаға жанашырлықпен қарауға үндейді. Бұл ай мейірім мен қайырымдылықтың, өзара қолдаудың айрықша көрініс табатын уақыты екені айтылды.

Президент еліміздің ауқымды жаңғыру мен жаңару кезеңінен өтіп жатқанын жеткізді. Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, қоғамдық институттарды нығайтуға бағытталған маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Конституциялық негіздерді жаңарту мен әділеттілік, заң үстемдігі қағидаттарын орнықтыру – осы үдерістің басты бағыттарының бірі екені атап өтілді.

Құттықтауда ұлттық рухани және мәдени құндылықтарды сақтау мен дәріптеудің маңызына да ерекше назар аударылды. Заңға құрмет, тәртіп пен жауапкершілік, отансүйгіштік пен әділдік сияқты қағидаттар қасиетті Рамазан айының тағылымымен үндесетіні айтылды.

Мемлекет басшысы сөз соңында ел азаматтарына амандық, бірлік пен береке тілеп, Рамазан айы қоғамды ізгілік пен татулыққа бастайтын рухани күш екенін атап өтті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРҒЫНДАРҒА КҮШ КӨРСЕТКЕН КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

Астанада 15 жаңа денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда

admin

Өрттен алты баланы құтқарған Шымкент тұрғынына пәтер кілті табысталды

admin