aspan

«МЕЙІРІМДІЛІК-АСЫЛ ҚАСИЕТ» АТТЫ ТЕРАПИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТІ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» Комуналдық Мемлекеттік Мекемесінің ұйымдастыруымен «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығы және «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу» орталығының тәрбиеленушілеріне арнайы психологиялық акватерапия өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Акватерапияның мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің тактильді-кинестетикалық сезімталдықты және қолдың нәзік моторикасын дамыту, баланың психо-эмоционалды жағдайын тұрақтандыру. Жалпы аталған іс-шараға 40-қа жуық балалар қатысты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше мұндай шаралар балалар мен жсөспірімдер үшін пайдалы болмақ.

Акватерапия Шымкент қалалық әйелдер кеңесі төрайымы Жандосова Баян Айтбекқызы сондай-ақ, бірқатар кәсіпкерлердің қолдауымен ұйымдастырылды.

Терапия барысында балаларға акватерапия бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірнеше психологиялық әдістемелер мен ойындар ойнатылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ҚАЗАҚСТАН БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ»

Телеарна ХанТВ

ШАМШИЕВА ҚАЛА ӘКІМІН НЕГЕ ТЫҢДАМАЙДЫ?

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨЛІК БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ МАС ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ