-4.7 C
Shymkent
11 марта, 2026
aspan

 ҚМА АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ «RAKHAT0425» ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті «Rakhat0425» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.Ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен.

Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.Сонымен қатар, күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Бұл мүлік «инвестициялық жарна» ретінде бағаланған.
Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.ҚР қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы. Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз. Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырамыз.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИЗРАИЛЬ ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН 10 ПАЛЕСТИНАЛЫҚ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ