16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
aspan

М. Әуезов атындағы драма театрының жүзінші мерейтойлық маусымы ашылады

Бұл ерекше кеш – театрдың бай тарихы мен сахнадағы ұлы дәстүрлерін дәріптеп, өнер ордасының жаңа ғасырлық белесіне қадам басуын айшықтайтын айтулы мәдени оқиға болмақ. Кеш барысында көрермен назарына театр репертуарындағы таңдаулы қойылымдардан сахналық үзінділер ұсынылады.

Іс-шараның басты ерекшелігі – ұлттық театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан белгілі актерлердің өнері арқылы өткен мен бүгіннің көркем сабақтастығы көрініс таппақ. Сонымен бірге театр музейі келушілер назарына «Ғасыр жасаған ұлт театры» атты интерактивті көрмесін ұсынады.

Айта кетейік, қазақтың тұңғыш кәсіби театры Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда, Қызылорда қаласында ашылды. Бастапқыда ұжым Қ. Кемеңгерұлының «Алтын сақина» және М. Әуезовтің «Еңлік – Кебек» пьесаларынан үзінділер қойған. Бір ғасыр бойы театр сахнасынан көрермен жүрегіне жол тартқан әрбір спектакль халықтың үні, заманның тынысы болды. 1961 жылы театр жазушы, ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімін иеленді. 2020 жылы театрға Ұлттық мәртебесі берілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Бәрі тапсырыспен жасалған»: Мұхамедиұлының ұлы оған қарсы іс ойдан шығарылғанын айтты

admin

ЗЕЙНЕТКЕРДЕН 46 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН АЛАЯҚТАР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Телеарна ХанТВ

ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖОЛДАНЫМДАРДЫ ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Телеарна ХанТВ