aspan

«ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒА»

Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу-тану мәселелері; мемлекет және қоғам қайраткерінің қазақ білімінің, ғылымының, мәдениетінің дамуы жолындағы орасан зор еңбектерін жас ұрпаққа таныту жұмыстарының жүргізілу деңгейін анықтау; Нұртас Оңдасыновтың азаматтық ұстанымдарын адамгершілікке, елжандылыққа баулу, оқыту мен тәрбие үдерісінде қолданудың мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында өткізілген конференцияның міндеті: Қазақтың біртуар азаматы, қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың қазақ ғылымының, білімінің, мәдениетінің қалыптасуы мен дамуында сіңірген еңбегінің зор екені дәріптеледі; заманы мен адамының аумалы-төкпелілігіне қарамастан, еліне қызмет ете алған көрнекті мемлекет қайраткеріретінде феноменалды бейнесі айқындалады; Нұртас Оңдасыновтың тұлғалық ерекшеліктері сараланып, ЖОО, мектеп білім беру мен тәрбие үдерісінде қолданудың жолдарын нақтылау болды.
Конференцияда мектебіміздің 10 сынып оқушысы Орынбасар Елдос «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» жайлы слайд презентация қорғады. Сондай-ақ «Биліктен биік тұлға» тақырыбында жазушы, журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Оңдасыновтанушы –Гүлсім Оразалықызы Нұртас аға жайлы ақтарыла сыр шертті. Тарих ғылымдарының кандидаты «Ж.Ташенов» университетінің оқытушысы Мейірбеков Мырзабай «Ұлтжандылық . Тазалық . Тектілік» тақырыбында баяндама оқыды.
Дарын мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі Алтынай Молдадосова «Қилы заманның тұғырлы тұлғасы Н.Оңдасынов» тақырыбында баяндама оқыды.

Адам баласының бойында кездесетін тектілік-ең асыл қасиеттерінің бірі. Бұл туралы қазақ халқы өте көп айтқан. Сондай тамаша қасиет Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлының бойында болды. Киелі жер Түркістан перзенті текті елдің жалғасы екендігін ісімен, өмір жолындағы қызметі бабында жүріп, өз халқына деген адалдығымен жеке дара қасиеттерімен ерекшеленген бір туар азамат екендігін байқатты. Оған замандастары мен бүкіл қазақ халқы куә. Адамды тану қасиеті – ол ел басқаратын тұлғалардың бойында кездесетін ерекше сезімталдық түйсігі. Қайраткер тұлғаның туа біткен ерекше қабілеттерінің қыры- өткірлік болатын. Мұндай адам билік басында отырған уақытта өз еліне қажетті күрделі мәселелерді шешуде өткірлік танытатыны анық – деп, Жетісай ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Махамбет Айтбай ағамыз сындарлы сыр ақтарды.
Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлының шығармашылығы – ұлттық тақырыптарға, қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне негізделген. Оның еңбегі ұрпаққа патриоттық сезім мен ұлттық мақтаныш адамгершілік, отаншылдық, адалдық секілді құндылықтарды беретіні жайлы құнды қызметтерін «Шаңырақ» ұлттық агро қозғалысы қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы филиалдарының басшысы Әліпбек Бақтыбек атап өтті.
Ол кісі Қоғамдық қызметі тек шығармашылықпен айналысып қана қойған жоқ, сонымен қатар қоғамның белсенді мүшесі болды. Ол ұлттық білім беру, мәдениет пен өнерді дамыту үшін көп еңбек етті. Өзінің қызметінде жастарға білім беру мен тәрбиелеуге ерекше назар аударғаны жайлы да тебірене тарихына сыр шертті.

Қорытындылау барысында мектеп директоры Шаулиева Сапаргүл Тұрлыбекқызы Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың 120 жылдығын атап өту – тек тарихи тұлғаны еске алу емес, сонымен қатар оның мұрасын насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық рухты көтеру, идеялары біз үшін бүгінгі таңда да өзекті, және біз оның өнегесін ұмытпауымыз қажет. Бүгінгі күні еңбектері мен идеяларын насихаттау маңызды. Оның шығармаларын оқу, жастарға таныстыру арқылы біз қазақ мәдениетін, ұлттық құндылықтарды дамытуға үлес қосамыз. Оның мұрасын насихаттау – біздің ұлттық санамыздың бір бөлшегі — деп іс-шараны қорытындылады.

Жетісай ауданы «Н.Оңдасынов атындағы   №14 жалпы білім беретін мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Қазақ тілі жен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Усербаева Тамара Алмахамедқызы

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

СБОРНАЯ КОМАНДА ГОРОДА ШЫМКЕНТ ЗАНЯЛА I-МЕСТО В ОБЩЕКОМАНДНОМ ЗАЧЕТЕ НА VI МОЛОДЕЖНЫХ ИГРАХ ПО ПУЛЕВОЙ СТРЕЛЬБЕ!

ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ШАРЫҚТАП ТҰР

Телеарна ХанТВ