aspan

ҮКІМЕТ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

 Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті. Елдің премьер-министрі Абдулла Арипов тиісті қаулыға қол қойды. Жаңа құрам бекітілгенге дейін қазіргі министрлер кабинеті жұмысын жалғастыра бермек.

Алдағы уақытта Өзбекстан президенті саяси партиялардың фракцияларымен кеңесе отырып, заң шығару палатасына премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады. Бауырлас елде қазан айының соңында Парламент сайлауы өткен еді. Жаңадан сайланған Олий Мажлис Сенатының алғашқы жиынында президент Шавкат Мирзиёев заң шығару палатасы сапалы құрамда жасақталғанын айтты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

КЕЛЕС АУДАНЫ: ЖЫРЫ БІТПЕГЕН КӨШЕ

admin

ІРІ ЕСІРТКІ ПЛАНТАЦИЯСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ