Ақпарат

КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР ҚЫТАЙ САПАРЫНАН СОҢ ЦЕХ АШТЫ

Облыс басшысы Келес ауданына арнайы сапарында бірқатар кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, оларды дамыту жолдарын қарастырды. Абай ауылындағы «Домалақ ана» тігін цехында болған өңір басшысы цех жұмысымен танысты. Биыл наурыз айында іске қосылған өндіріс орнында 14 адам жұмыс істейді. Орташа жалақы 120 мың теңге көлемінде. Кәсіпкер өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасымен Қытай Халық Республикасына аудан әкімімен барып, 16 тігін машинасы мен 1 дана көрпе тігетін станок сатып алған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ақшаға қосымша бір балл: Шымкентте студенттерді әлеуметтік желі арқылы алдаған схема әшкереленді

Редактор HAN TV

АИДА БАЛАЕВА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ САЛАЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН БЕЛГІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

«ЖЕТІ ТАНДЫР» МЕЙРАМХАНАСЫ ЕНДІ ҚЫТАЙДА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ