22.3 C
Shymkent
13 октября, 2026
aspan

КАТАМАРАНҒА МІНГЕН ЕКІ БАЛАНЫ ТЖМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰТҚАРДЫ

Бес бала Қатаркөл көлінің жағалауында иесіз қалған катамаранды тауып алып, түнгі уақытта оған мінуге шешім қабылдады. Оқиға Ақмола облысының Бурабай ауданында орын алды. Жағадан бес метр жүзіп кеткенде үш бала қорқып, катамараннан өз бетінше жүзіп, жағаға жетті.
Катамаранда 2008 және 2014 жылы туған екі бала қалып қойды. Олардың біреуі жүзе алмады. Қатты желдің салдарынан катамаран жағалаудан 500 метр қашықтыққа алыстап кетті. Жағаға оралған балалар 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушылардан көмек сұраған.Суда құтқару жасағының қызметкерлері тепловизоры бар ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып, балаларды тапты. Қайықпен жеткен құтқарушылар оларды жағаға жеткізіп, жедел медициналық жәрдем көлігіне тапсырды.
Кәмелетке толмағандардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Дархан Сатыбалды жаңа шағынаудандардағы қасбеттік жарықтандыру жұмыстарымен танысты

Телеарна ХанТВ

ХҚКО операторларына жыл басынан бері 300 мыңға жуық бейнеқоңырау түсті

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ