aspan

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР НӘТИЖЕСІНДЕ ЖАЛПЫ 101 ӘКІМШІЛІК ІС ҚОЗҒАЛҒАН

Шымкент қаласы экологиялық тексерулер нәтижесінде жалпы 101 әкімшілік іс қозғалып, оның  86 әкімшілік іс бойынша жалпы сомасы 284,1 млн теңгеден аса айыппұл салынған. Арыз шағымдар негізінен тұрғын үйлер арасында мал ұстау,көршілердің қалдықтарды өртеуі, монша, темір қабылдау пунктері,түнгі мезгілде қала аумағында жағымсыз иістің шығуы, суды, топырақты ластау, бойынша жолданған.Осы және өзгеде атқарылған жұмыс нәтиежсін  Экология департаменті басшысы Ермахан Тастанбекұлы баяндады.

3 бөлімнен тұратын депатраментті 10 мемлекеттік қызметші құрайды. Жалпы, 2024  жылдың 12 айында 38 тексеру жүргізілген.Оның ішінде профилактикалық бақылау -15, талаптарға сәйкестігі – 6, жоспардан тыс -17.Оның ішінде, индустриалды аймақтардағы 14 кәсіпорынға тексеру жүргізіп, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам 33 әкімшілік айыппұл салынған.Тексеру нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 37 нұсқама жолданған.

Департамент тарапынан тексеру тағайындамай,қала, аудан прокуратурасымен,аудандық полиция басқармаларымен, жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде әкімшілік істер қозғалып айыппұлдар салынған. Атап айтқанда, ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы негізінде, қала прокуратурасының Қаулысымен 11 білім беру ұйымдарына тексеріс жүргізу нәтижесінде, 11 жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты 20 әкімшілік хаттама толтырылып, 10 әкімішілік іс бойынша 276 мың 900 теңге айыппұл салынып, 10 ескерту берілген. Сондай-ақ  қала бойынша 2937 контейнер орнатылған. Пластикалық қалдықтарды жинау үшін 205, құрғақ және ылғалды фракциялар бойынша жинау үшін — 250, құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін – 50, нан қалдықтарын жинау үшін – 200 контейнер орнатылған.2025 жылға дейін құрамында сынап бар қалдықтарды жинау үшін жыл сайын 50 контейнер орнату көздел

2025 жылға бекітілген профилактикалық бақылау тізіміне және талаптарға сәйкестігімен бекітілген 16 кәсіпорындарға тексеріс жұмыстарын жасау,қоршаған орта мониторингі аясын кеңейту  — қала аумағындағы өзендерге, атмосфералық ауаға және ірі кәсіпорындардың санитарлық қорғау аймағына мониторинг жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.Атап айтқанда Қошқар-Ата, Қарасу өзені суының сапасына және Бадам және Сайрам су өзендеріне мониторинг жүргізілмек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

ҚАРАТАУДА 14 ОРЫНҒА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚ САЛЫНАДЫ

Телеарна ХанТВ

ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР МҮЛДЕМ БАСПАНАСЫ ЖОҚ АЗАМАТТАРҒА БАҒЫТТАЛУЫ ҚАЖЕТ

Телеарна ХанТВ