aspan

ИЗРАИЛЬ СИРИЯ ЖЕРІНЕ ДЕНДЕП ЕНІП БАРА ЖАТЫР

Таяу Шығыс елдері Израильдің Сирия аумағына қарай дендеп еніп бара жатқан әрекетін айыптады. Бұлар негізінен араб мемлекеттері. Катардың Сыртқы істер министрлігі еврей елінің қазіргі алмағайып жағдайды пайдаланып, Сирияның егемендігіне қол сұғып жатқанын айтады.

 Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі де Израильдің Голан жотасындағы буферлі аумақты басып алғанына наразылық білдірген. Мысырдың Сыртқы істер министрі Бадр Әбдел Аати түрік әріптесі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесіп, Сирияның жер тұтастығы мен егемендігін қолдаймыз деді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ 100% ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Редактор HAN TV

БІЛІМ ҰЯСЫНДА ЦИФРЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР АРТУДА

Редактор HAN TV

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ