5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
aspan

ІРІ КӨЛЕМДЕГІ ЕСІРТКІ АРНАСЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Жамбыл облысында ірі көлемдегі есірткі арнасы әшкереленді, — деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі көлемде өткізу фактісінің жолын кесті. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері жүргізген арнайы операция барысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық тас жолында Mitsubishi Pajero автокөлігі тоқтатылды.

Тексеру кезінде көліктегі 51 жастағы жолаушының жанынан 1,5 келі гашиш есірткісі табылды. Тергеу барысында Алматы қаласының тұрғыны аталған тыйым салынған затты Шу ауданының 47 жастағы тұрғынынан 170 000 теңгеге сатып алғанын мойындады. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, оның Шу ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны екені белгілі болды. Полицейлер оның үйінің ауласын тінту кезінде Макс атты қызметтік иттің көмегімен жасыл түсті өсімдік қалдықтары салынған ыдыс пен елек табылды. Сонымен қатар күдіктінің үйінің қарама-қарсы жағында орналасқан қараусыз қалған ғимаратты тексеру кезінде жалпы салмағы 26 келіден асатын гашиш пен 143 келіден астам кептірілген марихуана салынған полиэтилен қаптар тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері есірткі тасымалына қатысты қылмыстық тізбекті толықтай ашу мақсатында тергеу жұмыстарын жалғастыруда

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ж. Сүлейменов атындағы №70 жалпы білім беретін мектеп

Телеарна ХанТВ

АУҒАН ЖЕРІНЕН ӘСКЕРЛЕРДІҢ ШЫҒАРЫЛУЫНЫҢ 36-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МИТИНГ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ