aspan

 ІРІ КӨЛЕМДЕГІ ҚАРАСОРА АЛҚАБЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қарағанды облысында ірі көлемдегі қарасора алқабы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Абай ауданында «Қарасора — 2025» жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі тектес өсімдіктерді өсіру және сақтаумен айналысқан жергілікті тұрғын ұсталды.

Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Абай аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкерлері бірлескен рейд барысында 41 жастағы күдіктінің үй ауласынан есірткі заттарының ірі партиясын анықтады.Тексеру кезінде полицейлер 40 түп кептірілген марихуананы тәркіледі. Олардың жалпы салмағы шамамен 5 келіні құрады. Бұған қоса, сатуға дайындалған тағы 5 келі кептірілген марихуана табылды. Сонымен қатар ауладан 68 түп өсірілген қарасора плантациясы анықталды. Аталған дерек бойынша аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз өсіру және сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр. Полиция органдары өңірде есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген деректі қатаң бақылауда ұстайтынын атап өтті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫН ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУ ДЕРЕГІНІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДЫ ЛАСТАҒАН 4 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ