aspan

ІРІ ЕСІРТКІ ПЛАНТАЦИЯСЫ ЖОЙЫЛДЫ

 

Полиция қызметкерлері «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жамбыл ауданында есірткі өсімдігін заңсыз өсіру дерегін анықтады. Қарасора, көкнәр сорттарын өсірді деген күдікпен 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Оның үйіндегі бақшадан жалпы салмағы 1520 түп көкнәр өсімдігі, 37 каннабис бұтасы анықталды. Барлығы 100 келіден асатын есірткі тәркіленді, оның ішінде көкнәр-54 келі,  марихуана-53 келі. Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, Жамбыл ауданының полиция бөліміне уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. «Қарасора-2024» іс-шарасы аясында есірткіні заңсыз өсіруді, транзиттеуді, алқаптарын және есірткі зертханасын жоюды, ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған іс — шаралар одан әрі жалғасатын болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

АҚПАН АЙЫНДА ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ