aspan

ХАЛҚТЫҢ ЖАРТЫСЫНАН АСТАМЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ

44 миллион тұрғыны бар Ауғанстанда 23 миллион адам, яғни тұрғындардың жартысынан астамы гуманитарлық көмекке мұқтаж. БҰҰ-ның өкілдері осылай дейді.

Ұзақ жылдарға жалғасқан қарулы қақтығыс пен климаттың өзгеруінің салдарынан елді кедейлік жайлаған. Ол аздай билік басындағы тәліптер халықаралық талаптарды орындамай отыр. Содан елге жеткізілетін гуманитарлық көмек көлемі азайған. Мамандар қаржыландыруды арттыруға шақырып, бұған Дүниежүзілік банкті үлгі етті. Таяуда халықаралық ұйым Ауғанстанның денсаулық сақтау саласына қосымша 240 миллион доллар бөлген еді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН ЕРІКТІЛЕР 120 ЕСІРТКІ ГРАФФИТИІН ЖОЙДЫ  

Телеарна ХанТВ

РЕСЕЙГЕ АДЫРАСПАН АПАРҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАМАУҒА АЛЫНАДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Телеарна ХанТВ