aspan

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Cоғыс аяқталғаннан кейін Газа секторына гуманитарлық көмек кіргізіле бастады. Өткен тәуліктің өзінде палестиналық анклавқа 630 жүк көлігі енгізілген. Олардың кейбірі азық-түлік пен дәрі-дәрмек, енді бірі отын жеткізді.

Айта кетсек, Газада атысты тоқтату туралы келісім жексенбі күні күшіне енді. Нәтижесінде палестиналықтар тас-талқаны шыққан үйлеріне оралып жатыр. 2023 жылы қазанның 7-нен бері Израильдің шабуылдарынан мұнда 47 мыңдай адам қаза тауып, сектордың басым бөлігі жермен-жексен болды. Жергілікті 2,3 миллион тұрғынның 90 пайызы үйлерін тастап кетті. Атысты тоқтату туралы келісімге сәйкес «Хамастың» кепілдігіндегі израильдіктер арасынан үш әйел босатылып, үйлеріне оралды. Олар туған-туыстарымен кездесіп, медициналық тексеруге жіберілген. Израиль президенті кепілдегілердің оралуын «қуаныш пен жұбаныш күні» деп атады. Израиль болса, өз түрмелерінен 90 палестиналықты босатты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР АЙТТЫ

Телеарна ХанТВ

АУДИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРАЖАТТЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Телеарна ХанТВ

«КҮМІС ҚАЛАМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС ЖАЗБА АҚЫНДАР ДУЭЛІ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ