aspan

ЕСІРТКІ ТАРАТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Павлодар қаласында полицейлер Жетісу облысының 24 және 25 жастағы екі тұрғынын қолға түсірді. Олардан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі табылды.

Облыстық ПД хабарлауынша, жедел уәкілдер жүргізген тінту кезінде жасырып таратпақ болған дайын орамдар тәркіленген. Сараптама нәтижесі олардың синтетикалық есірткі екенін растады. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, есірткіні алдын ала сатып алғандарын және Павлодар қаласында жасыруға арналған орындарды белгілеп, координаттарын кураторға жіберіп отырғанын айтқан. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар қамауға алынды. Істің мән-жайы анықталуда.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы вет қызметі басшысы әріптертеріне бөлінген сыйақы қаражатты өз пайдасына жаратып жіберген

Телеарна ХанТВ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Телеарна ХанТВ

САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРІП ҰЛТТЫҚ ОЙЫНҒА ҚАТЫСЫП, СЫЙЛЫҚТАР АЛДЫ

Телеарна ХанТВ