aspan

ЕСЕПСІЗ ЖҰМСАЛҒАН  ҚАРАЖАТТЫҢ  СҰРАУЫН КІМ БЕРЕДІ?!

Шымкентте мәдениет басқармасына қарасты 3 нысанға бөлінген қаржылар ұстағанның қолында кеткен сыңайлы.  Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өзі сеніп тапсырған шым шахардың мәдениет саласындағы заң бұзушылықтарды жауапты тұлғалар жасырын қалдырмақ па?

Қай кезеңде де қай елде болмасын мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы болмақ. Осылай десекте  үшінші мегаполистің мәдениетіне деп бөлінген қаржыларға ел арасында жүрген сыбыстарға сүйене отырып тоқталсақ; Шымкент қалашығына бөлінген яғни этноаулға 2,7 млд тенгенің дұрыс игерілмегені былай қойған да, рәсімделген  құжаттары да дұрыс емес,  ал Шымкент қалалық саяси қуғын — сүргін құрбандары музейіне 300 млн тг және  А.С.Пушкин атындағы кітапхананың   Модернизациялауға бөлінген қаржы   тексеріліп, зерделенбей аяқсыз қалып отырғаны тағы бар.     Бөлінген қаражаттар қашанға дейін талан таражға түспек?  Сұрауын кім береді? Мәдениет саласындағы былықтарды бір жүйеге келтіреді деп қала әкімі Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы етіп   Бауыржан Орынтаевты тағайындаған еді.  Бір жылға жуық уақыттан бері қызметте отырған басшы бұл мәселелерді әлі ретке келтірмеді. Осы мәселелер бойынша жауапты органдар тексеріп,   халық көкейінде жүрген  сауалдардың заң тұрғысында  ақ қарасын ажыратып берсе дейміз . Ал  бұл мәселе мәселе телеарнаның жіті бақылауында  болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Муфтулла Қонақбаев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, құқықтық және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдерін жеткізді. С.Тасқараев есімді азамат мемлекеттік грант ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Оның айтуынша, кәсіп бастайтындарға берілетін мемлекеттік қолдауға қол жеткізуге бірнеше айдан бері тырысып жүр. «Мен өзімнің жобама қолдау таппай келемін. Мемлекеттік грантты тек танысы барлар ғана алып жатқанын естуші едім, енді өзім осы мәселеге кезігіп отырмын», – деді ол. Мәселенің мән-жайын тыңдаған депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына тікелей телефон шалып, түсініктеме беруін сұрады. Басқарма басшысы бұл іс арнайы комиссия қарауында екенін, оған ешкімнің тікелей араласа алмайтынын жеткізді. Муфтулла Қонақбаев азаматқа: «Өзіңіз көріп отырғандай, басқарма басшысымен сөйлестім. Енді жобаңызды алып, аталған мекемеге барсаңыз, сіздің өтінішіңізді қайта қарайды. Егер берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, депутаттық сауал жолдап, бақылауыма аламын. Бірақ барлық мәселе тек заң аясында шешілетінін түсінуіміз керек», – деді. Қабылдау барысында «Рахима Бегім» балабақшасында жұмыс істеп, еңбекақысы мен еңбек демалысына төленетін қаржысын ала алмай жүрген бірнеше қызметкердің мәселесі де көтерілді. Депутат тиісті мекемелерге хабарласып, әр шағымды жеке зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі, әлеуметтік көмек алу мәселесі секілді басқа да өтініштер қабылданып, депутат жауапты әкімдікке хабарласып, түйткілдердің шешілуіне ықпал етті. «AMANAT» партиясы азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдауларды алдағы уақытта да жалғастырады. #qazaqstan, #weqazaqstan, #бізqazaqstan

Телеарна ХанТВ

КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫН САЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

МӘДЕНИЕТ ОРДАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТСІЗДІК

Телеарна ХанТВ