Жаңалықтар Қоғам

Ержүрек полицей бір отбасын өрттен аман алып қала жаздады.

Ақтөбе облысында полицей Әділ-Қаһар Қадіров бір отбасын өрттен аман алып қалды, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыздың 1-і күні Байғанин ауданының аға инспекторы Әділ-Қахар Қадіров жұмысқа бара жатқанда көршілерінің үйінен қою түтін шыққанын көрген. Полицей жақынырақ келіп, өртті көрді.

«Әділ-Қаһар үй иесін айғайлап оятып, кәмелетке толмаған үш баланы бірінен соң бірін көтеріп әкетті. Ол ең кенжесі 5 жасар баланы көтеріп келе жатқанда, есінен танып құлап қалды», — деп нақтылады полиция.

Осы кезде өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері келіп, полицейді үйден шығаруға көмектесті. Ол уланып ауруханаға жатқызылды. Қазір тәртіп сақшысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Астанада киіз үй салу бойынша шеберлік сыныбы өтті

admin

Олар маған және қызыма жала жапты — Бишімбаевтың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

admin

Подозреваемый в мошенничестве на 95 млн тенге доставлен из Турции в Казахстан

Редактор HAN TV