26.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ЕНДІ ЕЛІМІЗДЕ МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША КҮЗЕТШІЛЕРІ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТЕДІ

Енді елімізде мектеп пен балабақша күзетшілері тексерістен өтеді.
Оқу-ағарту министрлігі күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын бекітпек. Соған сәйкес енді балаларға қатысты қылмыс жасап, жазасын толық өтегендер оқу орындарына күзетші болып орналаса алмайды.

Министрлік мәліметінше, жасөспірімдерге буллинг жасап, ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсеткен адамдар да білім беру мекемелеріне жоламайды. Ал күзетшілер ішкі істер органдарының базасы арқылы тексерістен өтеді. Жаңа талаптарға сәйкес олардың қызметтік қару ұстауға рұқсаты болуы тиіс. Сондай-ақ салығы толық өтелуі керек.Жаңа өзгеріс 27 наурызға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Instagram желісіндегі ашулы жазбасы үшін қазақстандық әйелге 664 мың теңге айыппұл салынды

admin

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматыда 5 емхана мен 2 жедел жәрдем қосалқы станциялары салынуда

Телеарна ХанТВ