aspan

ЕЛДЕ АТЫС ТОҚТАТЫЛДЫ: ТҰРҒЫНДАР ЕЛДІҢ ОҢТҮСТІГІНЕ ОРАЛЫП ЖАТЫР

 Израиль мен «Хезболла» арасындағы атысты тоқтату келісімі сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 4:00-де АҚШ пен Францияның делдалдығымен жасалған келісім қабылдағаннан кейін күшіне енді. Сәрсенбі күні таңертең әскерилер ливандықтарға ауылдарына оралмауын ескертуіне қарамастан, көліктер легі Ливанның оңтүстігіне қарай ағылды. Бұл келісім 2023 жылдың 7 қазанында Израиль оңтүстігіндегі ХАМАС шабуылынан кейін Хезболла бастаған 14 айлық шайқасқа нүкте қойды. Сейсенбі күні кешке Израильдің әскери-саяси кабинеті келісімді қолдап, дауыс берді. Ол 60 күндік өтпелі кезеңді қамтиды. Сол аралықта Израиль қорғаныс күштері Ливанның оңтүстігінен өз әскерлерін шығарады және Ливан армиясы Литани өзенінің оңтүстігінде 5 000-ға жуық әскерді, соның ішінде Израильмен шекарадағы 33 бекетте орналастырады. Израиль-Ливан шекарасындағы қақтығысты тоқтатуға уәде берген келісім Джо Байден әкімшілігінің кейінгі кездегі басты жетістігі саналып отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДЫ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУ ДЕРЕГІМЕН 140 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛІП, 11 ТОННАДАН АСТАМ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

ТАБИҒИ АПАТТАРҒА ДАЙЫНДЫҚ: ТЖД ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

Телеарна ХанТВ