aspan

ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ АЗАМАТТЫҚ БЕРІЛМЕУІ МҮМКІН

Енді АҚШ аумағында дүниеге келген шетелдіктер азаматтық ала алмайды. Дональд Трамп өз қызметіне кіріскеннен кейін бірден тиісті заңның күшін жоятынын жеткізді. Бұл туралы жаңадан сайланған президент NBC News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Саясаткер тиісті мәселені алдыңғы мерзімі кезінде де көтерген. «Бірақ ол кезде бар күш-жігер коронавируспен күреске жұмсалып, уақыт болмады», – дейді. Десе де сарапшылар бұл өте күрделі процедура екенін айтады. Ол үшін Конгрестің қос палатасының мақұлдауы қажет. Бұдан бөлек, мұны штаттардың үштен екісі де бекітуі тиіс. Айта кеткен жөн, АҚШ конституциясына сәйкес Америка аумағында дүниеге келген кез келген адамға ата-анасының мәртебесіне қарамастан бірден азаматтық беріледі.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БАҚ ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖЫЛУ ЭНЕРГО ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

В Казахстане снижается уровень подростковой преступности

Телеарна ХанТВ

ПРЕЗИДЕНТ МЕГАПОЛИСТЕГІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАП КӨРДІ

Телеарна ХанТВ