19.3 C
Shymkent
27 октября, 2026
aspan WEBСӘТ Ақпарат Арнай репортаж Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Бизнес Жаңалықтар Қоғам Редактор таңдауы Саясат Саясат Специальный репортаж Технология Шымкент

Цифрлық стратегиядан нақты өзгерістерге: Шымкентте жаңа буын университеті қалыптасуда

2026 жылғы 27 қазанда Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Ұлы мұрадан жарқын болашаққа» тақырыбында жаңа оқу корпусының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бүгінде бірнеше оқу корпусынан тұратын университет 50 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлап, өңірдің білім беру және ғылыми әлеуетін дамытуға үлес қосып келеді. Жаңа корпус жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жетілдіруге, магистранттар мен докторанттарды даярлауға, ғылыми-педагогикалық кадрлардың әлеуетін арттыруға және ғылыми-зерттеу қызметін кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар, мұнда педагогика және психология, филология білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат студенттерінің сапалы білім алуына және кәсіби құзыреттерін дамытуына қажетті жағдайлар жасалған.

Жалпы ауданы 3 000 шаршы метрді құрайтын бес қабатты оқу корпусы заманауи инженерлік-техникалық инфрақұрылыммен жабдықталған. Ғимаратта тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау жүйесі, кіруді бақылау және басқару жүйесі (Face ID), француздық желдету және ауаны тазарту технологиялары, заманауи лифтілер, сондай-ақ білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған инженерлік шешімдер қарастырылған.

Кең әрі функционалды оқу аудиториялары, лингвистикалық кабинет, ғылыми және академиялық коворкинг кеңістіктері сапалы білім алуға, зерттеу жүргізуге және кәсіби дамуға қолайлы жағдай қалыптастырады.

Ерекше орын «Академик Ә. Қуатбеков атындағы аудиторияға» берілген. Бұл кеңістік көрнекті ғалымның ғылыми және қоғамдық қызметін, білім мен ғылымға қосқан үлесін дәріптеуге, оның зияткерлік мұрасын сақтауға және жас зерттеушілерге үлгі етуге бағытталған. Бұл – білім, ғылым және инновацияны бір арнаға тоғыстыратын жаңа академиялық орталық.

Университеттің цифрлық трансформациясы аясында заманауи интерактивті бейнестудия іске қосылып, «OASIS Edu» интеллектуалды цифрлық білім беру платформасының таныстырылымы өтті. Университеттің басқару процестерін автоматтандыруды, білім беру үдерістері мен электрондық құжат айналымын біріктіретін бірыңғай цифрлық экожүйе әзірленді. Оның құрамына студенттер мен оқытушыларға зияткерлік қолдау көрсетуге, академиялық үдерістерді оңтайландыруға және білім беру қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жасанды интеллект ассистенті мен цифрлық AI-аватар енгізілуде. Ал интерактивті бейнестудия ғылыми-ағартушылық жобаларды жүзеге асыруға, сапалы цифрлық контент әзірлеуге және студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Аталған бастама Қазақстанда жарияланған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында жүзеге асырылып, Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттермен, сондай-ақ Digital Qazaqstan басымдықтарымен үндеседі.

Жобаның басты ерекшелігі – цифрлық трансформацияны сөз жүзінде емес, нақты іспен жүзеге асыру. Университет білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуды, ғылыми әлеуетті дамытуды және жасанды интеллект технологияларын енгізуді біртұтас стратегиялық бағыт ретінде қарастырады. Бұл білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге және заманауи еңбек нарығының талаптарына сай білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Бастаманың маңызды бағыттарының бірі – үздіксіз білім беру жүйесін дамыту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Университет базасында жасанды интеллект, робототехника, бағдарламалау, цифрлық сауаттылық және ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша біліктілікті арттыру курстары мен тәжірибеге негізделген білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру көзделуде. Бұл мүмкіндіктер студенттермен қатар оқытушыларға, түрлі сала мамандарына және жаңа кәсіби құзыреттерді игеруге ұмтылған азаматтарға да бағытталмақ.

Жаңа инфрақұрылымның іске қосылуы білім, ғылым, мемлекет және бизнес арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға, инновациялық жобаларды дамытуға және Шымкент қаласының зияткерлік әрі ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыруға тың серпін бермек.

Бұл – жаңа ғимараттың ашылуы ғана емес. Бұл – ғылым мен білім, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект тоғысқан, болашақтың білікті мамандарын даярлауға бағытталған университеттің жаңа даму кезеңі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДЫ ТОНАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ ЕРЖАН СӘДЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Han TV

ДІН МАМАНДАРЫ АРНАЙЫ КУРСТАН ӨТТІ