aspan

БЛОГЕРЛЕР АҚША БОПСАЛАҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ

Алматыда блогерлер ақша бопсалағаны үшін ұсталды. Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған.

Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Қазақстан Республикасының қылмыстық процес кодексінің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанда ағаш өнімдерін таңбалау пилоттық жүйесі іске қосылуда

Телеарна ХанТВ

ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖОЛДАНЫМДАРДЫ ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАС САРБАЗДАРДЫ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ