aspan

БІШКЕКТЕГІ КАРДИОХИРУРГИЯ ИНСТИТУТЫНАН ІРІ ӨРТ ШЫҒЫП, АДАМДАР ҚАЗА БОЛДЫ

Қырғызстан астанасындағы Кардиохирургия ғылыми-зерттеу институтынан өрт шықты. Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 21:07-де өртті сөндіруге 6 өрт сөндіру бригадасы, екі өрт баспалдағы және бір дрон жұмылдырылған. Өрт сағат 22:33-те оқшауланып, 23:15-те толығымен сөндірілді.

Өрт кезінде Кардиохирургия институтының жансақтау бөлімінде жатқан екі науқас қаза тапты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Эркин Чечейбаев хабарлады. Оның айтуынша, өрт жертөледен шыққан, ғимаратқа түтін кірген. Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы — Президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев 11 ақпан күні кешке Бішкектегі Кардиохирургия ғылыми-зерттеу институтында болған өртке байланысты жағдайды ерекше бақылауға алды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦИЯ ЗАҢСЫЗ КӨШІ-ҚОНМЕН АЙНАЛЫСҚАН АДАМДАР ТОБЫН ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

ӨРТ – ЕСКЕРТПЕЙДІ, КЕШІРМЕЙДІ, КҮТПЕЙДІ

Телеарна ХанТВ

“СУ РЕСУРСТАРЫ – МАРКЕТИНГ” ЖШС-ІН МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ