aspan

БІЛІМ НЫСАНДАРЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН

Түркістан облысында 1 279 мемлекеттік білім нысанының 63-і орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы, 1 216-сы автономды жылыту қазандықтары арқылы жылытылады. Аталған білім нысандарының 100%-ы сығымдау жұмыстарынан өткізіліп, 1157-сінде жылу маусымына дайындық паспорты алынды. Ал қалған 122 нысанға осы апта ішінде алынады деп жоспарлануда. Жылыту маусымына дайындық мәселесі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста кеңінен талқыланды.

  Түркістан  облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетовтың айтуынша, облыстағы:

450 білім мекемесіне қажетті 82544,5 тонна қатты отын, 42 білім мекемесіне қажетті 2 399,2 тонна сұйық отын жеткізуші мердігер анықталып, жоспарға сәйкес қажетті отын көлемі қойма сыйымдылығана қарай толығымен

тасымалданды. 720 білім беру нысаны табиғи газ арқылы,  4 білім беру мекемесі электр энергиясы арқылыжылытылады.

Сонымен қатар күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен 30-ға жуық білім беру ұйымының жылу жүйелері жаңартылды. Өңірдегі  6 аудан, қалада жылу беру маусымы 15 қазаннан басталды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ РУСЛАН БЕРДЕНОВТІ АТЫП КЕТТІ

Телеарна ХанТВ

КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ БІР ТОП АЗАМАТТЫ ТАПТАП ӨТТІ: 35 АДАМ ОПАТ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ