5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
aspan

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ ПАРТИЯСЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Байзақ ауданы прокуратурасымен бірлесіп, есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 51 жастағы аудан тұрғынын ұстады.

Күдіктінің үйін тінту барысында жалпы салмағы 15 келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Соттың шешімімен күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау санкциясы берілді. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа ақпараттары жариялауға жатпайды

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚАЛАҒА 200 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛЕДІ

admin

АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ: ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТҚАН ЖОБАЛАР

Телеарна ХанТВ

БЫЛЫҚҚА БАТҚАН БІЛІМ БӨЛІМІ

Телеарна ХанТВ