Жаңалықтар

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен аумақтан 185 бала республикалық лагерьлерде демалады

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен аумақтан 185 бала республикалық лагерьлерде демалатын болса, соның 83-і бүгін жолға шықты.

БҚО білім басқармасының бөлім басшысы Хажарбибі Искандарованың айтуынша, 70 бала 10-24 сәуір аралығында Алматы облысындағы «Тау Жанашар» лагерінде, 13-і Алматы қаласындағы «Бөбек» сауықтыру орталығында 21 күн бойы тынығады.

«Бұдан бөлек, 102 бала 17-26 сәуірде Қызылорда облысындағы «Қамбаш» сауықтыру орталығында 10 күн демалады. 185 баланың 10-ы Бөрлі, 48-і Қаратөбе, 32-сі Сырым, 60-ы Теректі ауданынан және 35-і Орал қаласынан», деді Х.Искандарова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Жайық жағасындағы бөгеттерді биіктету жұмыстары жүргізіліп жатырғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров Жайық өзеніндегі судың көтерілуі 94 елді мекенге қауіп төндіретінін айтты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Оралда мұзға құлап кеткен екі жасөспірімді құтқару сәтінің видеосын полицейлер таратқан

admin

Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасады

admin

«Сіздер аман қалдындар, бірақ менің күйеуім тірі емес»: Алматыда адам өліміне әкелген автобус апатына қатысты сот отырысы басталды.

admin