aspan

Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша тойы тойланды.

Еліміз бойынша бір мезгілде өткен шара «Қош келдің, Жаңа Жыл!» деп аталды. Оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, балғындарға Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді.

«Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты жаңажылдық шырша мерекеде Ғабит Сыздықбеков аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалар мен оқуда үздік атанған 300-ге жуық балаға Президент сыйлығын тапсырды.

Меркелік кешке Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 144 мемлекеттік білім беру ұйымдарынан 9 жастан 13 жасқа дейінгі балалар қатысты.

Жаңа жылдық ғажайыптар еліне саяхаттаған балалар танымал мультфильмдердің және халық ертегілерінің кейіпкерлерімен танысып, ән айтып, би биледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ ҚЫЗБАСЫНАН 1 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Телеарна ХанТВ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ  ҒИМАРАТТАР САЛЫНУДА

Телеарна ХанТВ

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында алғаш рет қағаз құю әдісі тәжірибеге енгізіле бастады

Телеарна ХанТВ