aspan Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау емтихандарына тыйым салынады

Қазақстанда лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа баратын балаларды қабылдау емтихандарына тыйым салынады.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді.

«Бұл норма дайындық деңгейіне қарамастан балаларды қабылдауға қойылатын шектеулерді алып тастап, негізгі білімді меңгеру үшін тең мүмкіндіктер мен қолжетімділікті қамтамасыз етеді»,-деді төраға.

Екіншіден, оның айтуынша, тестілеуге қатысудан туындайтын психологиялық күйзеліс жойылады. Күйзеліс баланың психоэмоционалды жағдайын нашарлатып, оның денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

Бұл өзгерістер алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа қабылданған кезде енгізіледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жұмысшы мамандықтар жылы: Кәсіпкерлер палатасы мен бизнес ынтымақтастықты арттыруға әзір

Телеарна ХанТВ

ҮШ ЖЫЛ БОЙЫ ЖАЗАСЫЗ ЖҮРГЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Ақтау қаласының тұрғыны полицейлердің азаптауларына шағымданды

admin