aspan

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Мақтаарал ауданында «Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен «АУЫЛ БАРЫСЫ» атты республикалық турнир басталды.Жарысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев және ҚР Парламенті «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев елордамыз Астана қаласынан арнайы келіп қатысты.

Турнирдің мақсаты  ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық қазақ күресін көтеру және жастарды спортқа тарту болып табылады. Жарысқа 2008-2011 жылы туылған жасөспірімдер қатысты.Бүгінде спорт және дене шынықтыруды дамыту – мемлекеттік ауқымдағы маңызды бағыт деп саналады.Мықты және өмірге құштар жас ұрпақты тәрбиелеу – еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі.

2 күнге созылатын жарысқа Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Шымкент қаласынан және Түркістан облысының қала, аудандарынан 300-ге жуық балуан өз бақтарын сынауға келді.Жарысқа қатысушылар 35, 38, 42, 46, 50, 55,және (Түйе палуан) салмақ дәрежелері бойынша күресетін болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер демеушілер есебінен арнайы қаржылай сыйлықтар, белбеулер, медаль және дипломдармен марапатталатын болады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында алғаш рет еліміздің барлық өңірлерінен келген аудандық соттардың төрағаларына арналған қайта даярлау курстары өткізілді

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦЕЙЛЕР СТУДЕНТТЕРГЕ МОПЕДТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРДІ ТҮСІНДІРДІ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН ЕРІКТІЛЕР 120 ЕСІРТКІ ГРАФФИТИІН ЖОЙДЫ  

Телеарна ХанТВ