5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
aspan

«АУҒАН ТАУЛАРЫНЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ»

 

15 Ақпан кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылған күні. Биыл айтулы күнге 36 жыл толып отыр. Осыған орай Шымкент қаласы жасөспірімдер кітапханасындасында Ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен патриоттық кеш ұйымдастырылды. Аталған шараға ЖОО студенттері мен 35748 әскери бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Әскери қақтығыс XX ғасырдың қаралы тарихының белгісі. Деректерге сүйенсек елден 22 мың сарбаз аттанып, олардың 10 мыңға жуығы қаза тапқан, ал 21 жауынгер із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазақ даласынан аттанған әскери қызметкерлердің ішінде 86 жауынгер Кеңес одағының батыры атанып, қалғандары денсаулығы мен жүйкесіне орасан нұқсан келтіріп оралды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған шараның мақсаты жастарға тәлім-тәрбие беру, ардагерлеріміздің еңбегін ұлықтау. Шараны ұйымдастырушылар мұндай патриоттық кештерді жиі өткізу арқылы жас ұрпақтың бойына отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға септігін тигізе алатындығын жеткізді.

 Соғысқа аттанған жігіттердің кейбірінің жасы тіпті 20ға да толмаған еді. Алайда, соған қарамастан олар майданның барлық қасіретінен өтіп әскери борышын өтеді. Бейтішілік пен тұрақтылықты сақтауда Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі ел есінде. Олардың Отан алдындағы адалдығы  өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге болмақ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

Телеарна ХанТВ

Алматыда 5 емхана мен 2 жедел жәрдем қосалқы станциялары салынуда

Телеарна ХанТВ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ: ХАЛЫҚ ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Телеарна ХанТВ