aspan Ақпарат Спорт

АЛҒАШҚЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ШЫМКЕНТТІК МЕРГЕНДЕР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан тарихта алғаш рет ұйымдастырылған әлем чемпионаты мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге әлемнің 38 елінен 690 спортшы қатысып, мергендік шеберліктерін сарапқа салды.

Қазақстан құрамасы чемпионат барысында жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте бірнеше алтын жүлдеге қол жеткізді.

Әлемдік додада Шымкент қаласының спортшылары да табысты өнер көрсетіп, командалық сайыста 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Ал жекелей сында «Пута» нысанасы бойынша Жәнібек Құлмырзаев қола жүлдегер атанды.

Бұл әлем чемпионатында Шымкент қаласының намысын Мақсат Әбдікәрімов, Сабира Жаппар, Манзура Есенова және Забит Сатоев қорғаған болатын.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 719 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Han TV

ШЫМКЕНТ: ӨҢІРЛІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ

admin

ДЕПУТАТТАР ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Телеарна ХанТВ