16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

Алматыда мопед ұрлаған адам полицейді сүйреп әкеткен

⠀ Жағдай Төле би көшесінде болған. Мәліметке сәйкес екі адам тұрғын үй ауласында тұрған мопедті ұрлап кеткен. Оның иесі полицияға хабар беріп, көмек сұраған.

Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрлардан мопедке мінген ер адамның полицейді жол бойында бірнеше метрге сүйреп әкеткенін көруге болады. Полиция қызметкерінің тоқта деген талабына күдікті бағынбай, қашуды жалғастырған. Алайда ұрлықшы алыс қашықтыққа қашып үлгермейді. Басқа көлікке соқтығысып мопедпен бірге жерге құлайды. Сол сәтте аға лейтенант Елдар Тоқташев алған жарақатына қарамастан қылмыскердің қолына кісен салады. Кейін белгілі болғандай, ұсталған азамат кемінде төрт мопед ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Қазір күдікті қамауда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ART SPORT» БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ АЙНАЛЫМЫНА АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

ШАЛҒАЙ ОРНАЛАСҚАН ЕЛДІМЕКЕНДЕР ЕНДІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ