aspan

Абай университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды 2025 жылғы 20 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптеуге, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға және ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жас ұрпаққа ата-баба дәстүрінің маңызын түсіндіруге бағытталған шара барысында 9 киіз үй тігіліп, құрметті қонақтарға қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылды.

Мерекелік іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, құрметті қонақтар, БАҚ өкілдері, Абай университетінің ардагер ұстаздары, профессорлық-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері және студенттер қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шараның алғы сөзінде Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы — ректор Болат Тілеп: «Тәуелсіз ел атануымыздың арқасында өшкеніміз жанып, үзілгеніміз жалғасын тауып, жоғымыз түгенделуде. Ұлтымыздың рухани қазынасы саналатын асыл мұраларымызды жас ұрпаққа насихаттаудың да жарқын үлгісі – осы бірлігі жарасқан бейбіт елімізде көрініс табуда. Қараусыз қалған мазарды шөп басады, қынаптан суырмаған қылышты тот басады деген аталы сөз бар. Олай болса, Наурыз сияқты салт-дәстүріміздің мәртебесін үстем ету – баршамыздың ортақ парызымыз деп білемін. Самарқанның көк тасы еріген көктемнің осы бір күнінде сіздерге дүниенің бар жақсылығын, ырысы мен ынтымағын тілеймін. Наурыз мейрамы құтты болсын!», — деп Абай университетінің ұжымын Наурыз мерекесімен құттықтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мерекелік жиын барысында ұлттық өнерге ерекше көңіл бөлінетін мәдени шаралар ұйымдастырылды. Университет факультеттері қазақ халқының көнеден келе жатқан тұрмыс-салты мен дәстүрлерін көрсету бойынша өзара сайысқа түсіп, «Думанды Наурыз», «Берекелі дастарқан», «Көрікті ұлттық киім», «Өнерлі орта», «Дәстүр жаңғыруы», «Креативті Наурыз», «Ұлттық спорт ойыны», «Наурыздың қазақ үйі» номинациялары бойынша бақ сынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен қатар іс-шара аясында ұлттық өнерге ерекше назар аударылды. Қазақ халқының көнеден келе жатқан тұрмыс-салтын паш ететін түрлі ойындар ұйымдастырылды. Қолөнер шеберлері мен сурешілер зергерлік бұйым жасау, ұлттық нақыштағы көрме сынды дәстүрдің үздік үлгілерін ұсынды. Айтыс ұйымдастырылып, жарапазан айтылды. Халық әндері шырқалып, қазақ биінің түрлі жанрлары орындалды, күмбірлеген күй шертіліп, төл өнер кеңінен дәріптелді. Ұлттық киімдегі өнерпаздар сахнаның ажарын ашып, халықтың эстетикалық талғамын айшықтады. Кеш барысында танымал әнші, сазгер Құдайберген Бекіш жиналған қауымға әннен шашу шашты.

Мерекелік жиын – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жас ұрпаққа ата-баба дәстүрінің маңызын түсіндіруге бағытталған игі қадам. Ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасын дәріптеу, салт-дәстүрімізді насихаттау – қоғамның рухани кемелденуіне үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Абай университетінің Баспасөз қызметі

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАҚЫРЫП: ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ ДИКТОР: «ҚазАгроҚаржы» су тапшылығы сезілетін өңірлерді қолдау мақсатында су үнемдеу бойынша жаңа лизингтік бағдарламаны іске қоспақ. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне бөлінетін қаржыландыру сомасын ұлғайтты. Бұл туралы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және техникалық жарақтандыру мәселелері бойынша өткен жиында айтылды. КСМ: Кездесуге Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ербұлан Жәнібеков, «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» акцонерлік қоғамының басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев арнайы қатысты. Іс-шара барысында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу мүмкіндіктері, сондай-ақ өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін қолдау шаралары талқыланады. Түркістан облысы – Қазақстанның аграрлық секторындағы жетекші өңірлердің бірі. Еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімінің 13%-ы осы облыстың еншісінде. Жыл сайын өңірде 1,2 трлн теңгеден астам өнім өндіріледі. Егіс алқаптарының көлемі ұлғайып, жылыжай шаруашылығы, мал шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу бағыттары жүйелі дамып келеді. 27,02 СНХ ЕРБҰЛАН ЖӘНІБЕКОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 00:12 – 00:30 ▪Кездесу барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері Түркістан облысының фермерлерін қолдаудың қорытындылары мен 2026 жылға арналған жоспарларын таныстырды. 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «ҚазАгроҚаржы» тарапынан өңір экономикасына шамамен 103 млрд теңге инвестиция бағытталған. Осы кезең ішінде жалпы құны 74 млрд теңге болатын 6800-ден астам техника лизингке беріліп, шаруалар техникалық паркін жаңартуға мүмкіндік алды. Компания 2026 жылы Түркістан облысына 19 млрд теңге қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 7,1 млрд теңгеге өтінімдер қабылданып үлгерген. Бөлінген қаражаттың басым бөлігі көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізуге бағытталады. СНХ ЕРКЕБҰЛАН ЖҰМЖАЕВ «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 00:17 – 00:45 КСМ: Түркістан өңірінің басты басымдығы – суару жүйелерін дамыту. Қазіргі уақытта «Агролизинг» арқылы мобильді суару жүйелерін 12,6%-бен алуға болады. Сонымен қатар жуырда жаңбырлатып суару машиналарын лизингке беру; инфрақұрылым құруға займдар бөлу, заманауи суару жүйелерін кешенді қаржыландыру бағыттарын іске қосу жоспарланып отыр. 27,02 СНХ НИЯЗ КӨШКІМБАЕВ «БӘЙТЕРЕК» ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ХОЛДИНГІ АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ КСМ: Шаруалар кездесу барысында ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салып, мамандармен пікір алмасты. Бүгінгі диалог алаңы өңірдің аграрлық саласына жаңа серпін берері сөзсіз. Өйткені, жиынға қатысушылардың ұсыныстары алдағы даму жоспарларына негіз болмақ.

Редактор HAN TV

КӨКТЕМГІ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

DAMUMED АРҚЫЛЫ АЙЛАСЫН АСЫРҒАН: СТОМАТОЛОГИЯ 66 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН

Редактор HAN TV