3.3 C
Shymkent
13 декабря, 2024
Қоғам

ШЫМКЕНТ: АЖЫРАСУДЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ ҚАНДАЙ?

ОРТА ЕСЕППЕН ШАҢЫРАҚ КӨТЕРГЕН ӘРБІР 10 ОТБАСЫНЫҢ БІРЕУІ АЖЫРАСЫП ЖАТЫР. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ ОСЫНДАЙ. МАМАНДАР ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН ЖАС ЖҰБАЙЛАРДЫҢ АЙРЫЛЫСЫП КЕТУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖИІЛЕП БАРА ЖАТҚАНЫН АЙТАДЫ. СОНДАЙ-АҚ, ОҒАН ӘСЕР ЕТЕТІН БІРНЕШЕ ФАКТОРЛАРДЫҢ БАРЫН ДА ЖОҚҚА ШЫҒАРМАЙДЫ.

ЕЛІМІЗДЕ АЖЫРАСУ ҚР КОДЕКСІНІҢ 16-БАБЫНА СӘЙКЕС ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ. ЕРЛІ – ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ БІРІНІҢ НЕМЕСЕ ЕКЕУІНІҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША СОТ НЕМЕСЕ АХАЖ БӨЛІМІНЕ ЖҮГІНЕ АЛАДЫ. ЖАҢАДАН ОТАУ ҚҰРҒАН ЖАСТАРДЫҢ ШАҢЫРАҒЫНЫҢ ШАЙҚАЛУЫНА ТҮРЛІ ФАКТОРЛАР ӘСЕР ЕТЕДІ ДЕЙДІ,-МАМАНДАР. БАСТЫ СЕБЕП — ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРДЕ БІР-БІРІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАУЫНДА. «ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ АРАСЫНДА БОЛЫП ЖАТҚАН КЕЗ КЕЛГЕН МӘСЕЛЕ ТЕК ҚАНА БІР ЖАҚТЫ ЕМЕС. КЕЙ ОТБАСЫДА ӘЙЕЛ КІНӘЛІ БОЛСА, КЕЙБІРІНДЕ ЕРКЕКТЕР. НАҚТЫ КЕСІП БІР ЖАҚТЫ КІНӘЛІ ЕТІП ШЫҒАРУҒА БОЛМАЙДЫ. МҰНЫҢ БӘРІ НЕГІЗІ БІЛІМСІЗДІКТІҢ КЕСІРІНЕН БОЛЫП ЖАТЫР. ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ КҮЙЕУІНІҢ АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕРІН ДҰРЫС АТҚАРМАУЫ НЕМЕСЕ ЕРКЕКТІҢ ЖАРЫНА ДЕГЕН МІНДЕТТЕРІН ТОЛЫҚҚАНДЫ АТҚАРМАУЫ. БҰЛ ЖАҒЫН ДІНИ ТҰРҒЫДАН ҮЙРЕНУ КЕРЕК. АЖЫРАСУДЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ: БІРІНШІДЕН, ОТБАСЫҒА ДЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНБЕЙДІ. ЕКІНШІДЕН, ӘЙЕЛДІҢ ЕРКЕККЕ БЕРІЛГЕН АМАНАТ ЕКЕНІ ЕСТЕН ШЫҒЫП ЖАТАДЫ. ЖАЛПЫ ОТБАСЫН САҚТАУ ҮШІН ДІНИ БІЛІМ КЕРЕК ЖӘНЕ ТАРИХЫМЫЗДЫ БІР ҚОЗҒАУ ҚАЖЕТ» ДЕП МӘЛІМДЕДІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АБДУСАТТАР СМАНОВ МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ, БЕРІК ШОТАБЕКОВ. МАМАНДАР ҮЙЛЕНУ ОҢАЙ, ҮЙ БОЛУ ҚИЫН ЕКЕНДІГІН АЛҒА ТАРТАДЫ. ЕҢ АЛДЫМЕН НЕКЕЛЕСКЕН ЖАНДАР ОРТАҚ МӘМІЛЕГЕ КЕЛІП, МӘСЕЛЕНІҢ МӘН-ЖАЙЫН АНЫҚТАП АЛУ ҚАЖЕТ. БАСТЫ МАҚСАТ — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН САҚТАП ҚАЛУ. ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН САУАЛНАМА НӘТИЖЕСІНДЕ, ҚАНШАМА ОТБАСЫНЫҢ ОЙРАН БОЛУЫНА МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАҒДАЙ ТІКЕЛЕЙ ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН КӨРІНЕДІ. СОНЫМЕН ҚАТАР, ЖАСТАРДЫҢ АРАСЫНДА ӨЗАРА ТҮСІНІСПЕУШІЛІК, ТУЫС ПЕН ДОС-ЖАРАНДАРДЫҢ АРАЛАСУЫНАН БОЛАДЫ.

ЖАЛПЫ, АЖЫРАСЫП КЕТКЕНДЕРДІҢ ҚУАНАТЫНДАРЫНА ҚАРАҒАНДА, КЕЙІН ӨКІНЕТІНДЕРІ ӘЛДЕҚАЙДА КӨП. АЖЫРАСУДЫҢ АМАЛЫН ІСКЕ АСЫРМАС БҰРЫН БАЛАЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫН ОЙЛАУ ҚАЖЕТ. СОНЫМЕН ҚАТАР ЕКІ ЖАС ШАҢЫРАҚ КӨТЕРГЕН СОҢ ОНЫҢ БЕРЕКЕЛІ БОЛУЫ ҮШІН ЕШТЕҢЕДЕН АЯНБАУЫ КЕРЕК. ОТБАСЫНЫҢ ШАҒЫН МЕМЛЕКЕТ ЕКЕНІН ЕСКЕРСЕК, ОНЫҢ ЫДЫРАҒАНЫНАН ГӨРІ КӨРКЕЙІП ДАМЫҒАНЫ ЖАҚСЫ.

Related posts

«ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ АУҚЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

admin

Сауд Арабиясының королі Газадағы «қатыгездіктерге» жауап берді

admin

ТҮРКІСТАН: «ТҮРКІСТАН-ШӘУІЛДІР» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

admin