АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 1 НАУРЫЗЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ. АТАЛҒАН ТАҚЫРЫП АЯСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ.
ІС-ШАРА АЯСЫНДА ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ БАЯНДАЛЫП, МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ДА ТҮСІНДІРІЛДІ. КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ІРІКТЕУДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ ЖАС БАСҚАРУШЫЛАРДЫҢ ӨҢІРЛІК ПУЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨҢІРДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ. ӨҢІРЛІК РЕЗЕРВКЕ АЛЫНҒАН ЖАСТАР САЙЛАНАТЫН ЛАУАЗЫМДАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДА Б КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСА АЛАДЫ. СОНДАЙ-АҚ ФОРУМҒА КЕЛГЕН ЖАСТАР АТАЛҒАН ЖОБАНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ. «БҮГІНДЕ ӨҢІРІМІЗДЕ 2 000-ҒА ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ. ОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ 35 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖАСТАРДЫҢ ҮЛЕСІ 40% ҚҰРАЙДЫ. АЛ 14% ӘЙЕЛДЕР ҮЛЕСІ» ДЕП МӘЛІМДЕДІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ШӘКІР СҰЛТАНХАН. СОНДАЙ-АҚ, РЕЗЕРВКЕ ҚАТЫСУҒА НИЕТ БІЛДІРУШІЛЕРДІҢ БІРІ МАДИНА ӘЛІМБАЙҚЫЗЫ. ОЛ 127 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПКЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ. ӨҢІРЛІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҚАТЫСУҒА НИЕТ БІЛДІРУШІ ЖАС МАМАН БҰЛ ЖОБАНЫҢ ЖАСТАР ҮШІН ҮЛКЕН МҮМКІНДІК ЕКЕНІН АТАП ӨТТІ. ЖАСТАР РЕЗЕРВІНІҢ АРҚАСЫНДА БІЛІКТІ ЖАС КАДРЛАР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ЖҮЙЕСІНДЕ БАСШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ТҰРУҒА БІРЕГЕЙ МҮМКІНДІК АЛАДЫ. САЯСАТТАНУШЫЛАРДЫҢ АЙТУЫНША, БҰЛ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЕЛ ЖАСТАРЫНЫҢ МЫҚТЫ МАМАН РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСЫП, БІЛІМІ МЕН ТӘЖІРИБЕСІНІҢ КӨМЕГІМЕН ЖОҒАРЫ ҚЫЗМЕТКЕ АЗ УАҚЫТ ІШІНДЕ ТАҒАЙЫНДАЛА АЛУЫНДА ДЕП ТҮСІНДІРЕДІ. «ОСЫНЫҢ БАРЛЫҒЫ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ АЙТЫП ӨТКЕНДЕЙ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ НАҚТЫ ҚАДАМДАР. ОСЫНДАЙ ҚАДАМДАРДАН КЕЙІН БІЗГЕ БИЛІККЕ ҰЛТЫН СҮЙЕТІН АЗАМАТТАР КЕЛУІ КЕРЕК» ДЕП АТАП ӨТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ. АЙТА КЕТЕЙІК,ІРІКТЕУГЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМІ ЖӘНЕ КЕМІНДЕ 3 ЖЫЛ ЖҰМЫС ӨТІЛІ БАР 35 ЖАСТАН АСПАҒАН ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ ҚАТЫСА АЛАДЫ. ӨҢІРЛІК РЕЗЕРВКЕ АЛЫНАТЫН КАНДИДАТТАРДЫҢ САНЫН, САЛАЛЫҚ БАҒЫТТАРДЫ ӨҢІРЛІК КАДР КОМИССИЯЛАРЫ ӨҢІРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, АЙҚЫНДАЙДЫ.