aspan

 «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 200-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте «Ауыл – Ел бесігі» жобасының орындалу барысы талқыланды. Облыс әкімі жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне мемлекет бөлген қаржыны тиімді жұмсауды тапсырды.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, биыл Түркістан облысында  «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 181 елді мекенде 213 жобаны іске асыруға 29,5 млрд. теңге бөлінді.  Олардың арасында өтпелі нысандар да бар. Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 156 жаңа жобаның 153-іне жеңімпаз мердігер анықталып, келісімшарттар жасалған. Биылғы 1 қарашаға жоспарланған  23,6 млрд. теңгенің 20,6 млрд. теңгесі игерілді немесе жоспар 87,2 %-ға орындалған.

Жыл қорытындысымен 152 жобаны пайдалануға тапсыру жоспарланған. Биыл 1 қарашадағы жағдайға 27 жоба пайдалануға қабылданса, 125 жоба енді аяқталады. Өтпелі жобалар бойынша биылғы жылдың 1 қарашасына жоспарланған 9,6 млрд. теңгенің 7,8 млрд. теңгесі игерілді немесе жоспар 80,7 %-ға орындалған.

Жиын соңында өңір басшысы аудан-қала әкімдеріне  бұл жұмыстарды жылдам аяқтап, жұмысты жандандыру керектігін ескертті. Жобаның орындалуы тұрақты бақылауға алынған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

107 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІ ГАЗҒА АУЫСТЫРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАС САРБАЗДАРДЫ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ