ҚАЛАМЫЗДА АТАМБАЙ МУСЛИМ МҰСА ЕСІМДІ ҮШЕМДЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ. 1АЙЛЫҚ ЕМ ДОМНАН КЕЙІН БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ. БҰЛ ҚАЛА БОЙЫНША ЕКІНШІ РЕТ ДҮНИЕ КЕЛІП ЖАТҚАН ҮШЕМДЕР.
АНАСЫ МЕН БАЛАЛАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСЫ БОЛҒАН СОҢ ОТБАСЫ СӘН САЛТАНАТПЕН ПЕРЗЕНТХАНАДАН ШЫҒАРЫП АЛДЫ. №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАҒА ҚАРАСТЫ ПЕРЗЕНТХАНА ДӘРІГЕРЛЕРІ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТУЫЛҒАН СӘБИЛЕРДІ КҮТІП, БҮГІН ШАҢЫРАҚТАРЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ. НАРГИЗА ӘШІРМЕТОВАНЫ ДӘРІГЕРЛЕР АҚПАННЫҢ 2-СІ КҮНІ КЕСІР ТІЛІГІ АРҚЫЛЫ БОСАНДЫРЫП АЛҒАН. ҮШЕМГЕ АТА АНАСЫ АТАМБАЙ, МҰСА, МУСЛИМ ДЕП ЕСІМ БЕРДІ. БҮГІНГІ КҮНІ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРҒАН ҮШЕМ МЕН АНАСЫН ДӘРІГЕРЛЕР СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫС ЕТІП, ҮЙІНЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ. «ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ №2 АУРУХАНАНЫҢ ПЕРЗЕНТХАНАСЫНДА 1 АЙ БҰРЫН ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ. СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ҚАЙТАЛАНЫП ТҰРҒАН ЖАҒДАЙ. ТУЫЛҒАН КЕЗДЕ САЛМАҚТАРЫ АЗ БОЛДЫ. БІЗ ОТАДАН КЕЙІН БІРДЕН РЕАНИМАЦИЯҒА ЖАТҚЫЗДЫҚ. 1 АЙ БОЙЫ БАЛАЛАРҒА ТОЛЫҚ КҮТІМ ЖАСАЛДЫ. ҚАЗІР ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖАҚСЫ. БҰЛ БІЗ ҮШІН ҚУАНЫШТЫ ЖАҒДАЙ» ДЕП ПІКІРІН БІЛДІРДІ №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ БАҚЫТЖАН ПАЗЫЛОВ. 31 ЖАСТАҒЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫНЫҢ БҰЛ ТӨРТІНШІ РЕТ ҚҰРСАҚ КӨТЕРУІ. ҮШЕМГЕ ЖҮКТІ ЕКЕНІН ЖАС АНА ЖҮКТІЛІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ АПТАСЫНДА БІЛГЕН. 33 АПТАДА, ЯҒНИ АЙЫ-КҮНІ ТОЛМАЙ ТУЫЛҒАН СӘБИЛЕРДІҢ ӨКПЕСІ ДҰРЫС ДАМЫМАЙ НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ҮШЕУІ БІРДЕЙ ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫНА ҚОСЫЛҒАН. ПЕРЗЕНТХАНА ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ КҮНДІЗ ТҮНІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУЫНДА БОЛҒАН ҚАЗІР ОЛАР ОСЫ УАҚЫТ ІШІНДЕ 2-КЕЛІДЕН АСА САЛМАҚ ҚОСҚАН ДЕЙДІ ДӘРІГЕРЛЕР.