Ақпарат Жаңалықтар Спорт Шымкент

ШЫМКЕНТТІК ЕМЕЛЬЯНОВТАР – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Қазақстандық ескек есушілер, ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар XX жазғы Азия ойындарында каноэде есуден қола жүлдеге ие болды.

Байдарка мен каноэде есу жарысының ерлер арасындағы 500 метр қашықтықтағы жұптық каноэ бәсекесінің А финалында жергілікті спортшылар 1:44.972 нәтижесімен мәреге үшінші болып жетті.

Айта кетейік, ағайынды Емельяновтар бұған дейін де Азия ойындарында ел қоржынына жүлде салған. Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX Азия ойындарында Сергей мен Тимофей Емельяновтар каноэде есуден 500 метр қашықтықтағы жұптық жарыста күміс жүлдегер атанған болатын. Сонымен қатар, Ханчжоудағы додада Сергей Емельянов жұптық сында алтын медаль, ал Тимофей Емельянов жекелей сында қола жүлде иеленген.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жапон ғалымы: Көктөбе телемұнарасы сейсмикалық дүмпулерге дайын емес

admin

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге қандай көмек берілетіні белгілі болды

Телеарна ХанТВ

Тоқаев Қазақстан — Грекия матчын түнде тамашалайды

admin