32 C
Shymkent
11 июня, 2026
aspan

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ ТАҚ МҰРАГЕРІМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті . Қазақ басшысы Тақ мұрагерімен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аймақтық қана емес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа орасан қатер төндіретініне назар аударды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы  мен Тақ мұрагері қақтығысқа қатыспаған елдердің аумағына шабуылдардың жалғасуы мұсылман үмбетінің өзара құрмет пен төзімділік танытатын айында орын алғанына қынжылатындарын жеткізді. Мемлекет басшысы отандастарымызды Қазақстанға эвакуациялауға көмектескен Корольдік Үкіметіне алғыс айтты. Өз кезегінде Тақ мұрагері қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына ізгі тілегін жолдады. Тараптар екіжақты қатынастарды жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру, сондай-ақ халықаралық аренадағы бірлескен күш-жігерді үйлестіру мақсатында тұрақты саяси диалогты арттыруға уағдаласты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«БЕЛСЕНДІ ДЕМАЛЫС» ЖӘНЕ «ПАРАСАТ» САЯБАҚТАРЫН КӨГАЛДАНДЫРУ БАРЫСЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ  

Телеарна ХанТВ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДАН АЛЫНАТЫН КӨЛІК САЛЫҒЫ: НЕ МАҢЫЗДЫ БІЛУ ҚАЖЕТ ЖӘНЕ ҚАШАН ТӨЛЕУ КЕРЕК?

Телеарна ХанТВ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРҒА ҚАТЫСТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ