0.3 C
Shymkent
6 марта, 2026
aspan

ҚОНАҚҮЙЛЕРГЕ  СҰРАНЫС ТӨМЕНДЕДІ

Таяу Шығыс аймағындағы шиеленіс Түркияның Иранмен шектесетін Ван қаласының экономикалық ахуалына кері ықпал етті. Иран азаматтарының Түркия аумағына кіруіне шектеу қойылғаннан кейін қонақүйлерге деген сұраныс айтарлықтай азайды. Бұл жағдай жергілікті кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын күрделендіріп отыр. Түркияның Сауда министрлігі ұсынған ресми дерекке сәйкес, Тегеранмен арадағы үш шекаралық бақылау бекетінде Иран азаматтарының аймаққа өтуі уақытша тоқтатылған. Дегенмен, жүк тасымалдау қатаң тексеру арқылы жалғасуда. Ван қаласы Тегеран шекарасынан шамамен 300 шақырым қашықтықта орналасқан. Аймақтық нарықтың шамамен 70 пайызы Иранмен байланысты.

Өткен жылы қалаға бұл мемлекеттен шамамен 770 мыңға жуық турист келген еді, ал биыл бұл көрсеткішті 1 миллионға дейін арттыру көзделген болатын. Алайда Ирандағы шиеленіс күшейгеннен кейін келушілер саны едәуір азайды. Соңғы деректерге сүйенсек, қонақүйлердегі туристер легі қалыпты деңгеймен салыстырғанда 5 %-ға дейін кеміген. Наурыз мейрамы қарсаңында жасалған алдын ала броньдардың да күші жойылған. Бұл жағдай жергілікті кәсіп иелері мен өңірдің туризм саласына айтарлықтай экономикалық шығын әкеліп отыр. Мамандардың пікірінше, егер шиеленіс ұзақ уақытқа созылса, аймақ экономикасына теріс ықпалы күшейіп, сауда мен туристік белсенділіктің қайта жандануына кедергі келтіруі ықтимал. Түркия билігі шекарадағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында бірқатар шара қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта шекарадағы тексеру-өткізу пункттерінде бақылау қатаңдатылған.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ ОҚУДАН ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

Қарағандыда тұрғын үйлерде улы газдан қорғайтын датчиктер тегін орнатылуда

Телеарна ХанТВ

УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ АҚШ-ҚА РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ

Телеарна ХанТВ