0.3 C
Shymkent
6 марта, 2026
aspan

АҚНӘР ГҮЛІСТАННЫҢ ІСІНДЕ ТЕРГЕУ ТОБЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛДЫ

Алматыда қаза тапқан Ақнәр Гүлістанның ісі ішкі істер министрлігіне берілді. Бұл туралы министрдің орынбасары Санжар Әділов Сенат кулуарында мәлімдеді. Бұған дейін Бас прокуратура қылмыстық істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне берген. «Қылмыстық іс ішкі істер министрлігі өндірісіне берілді. Қайта тергеу тобын құрып, тергеу әрекеттерін бастадық», – дейді Санжар Әділов. Айтуынша, жәбірленуші тараптың толық уәжі тексеріледі.

Еске салайық, бұған дейін 2024 жылдың шілде айында 22 жастағы Ақнәр Гүлстан Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатынан құлап, қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, тергеу бір жарым жылдан бері жалғасып келеді. Алғашында іс өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша қаралған. Алайда марқұмның туыстары қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болғанын айтып, істі кісі өлтіру бабы бойынша қайта қарауды талап етіп отыр. Марқұмның анасы тергеудің созылып кеткеніне наразы болып, әділдік сұрап Президентке үндеу жасаған еді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: 300-ДЕН АСА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

admin

ЗЕРГЕРЛІК ДҮКЕННЕН АЛТЫН БҰЙЫМДАР ҰРЛАҒАН  ЕР АДАМ ТАБЫЛДЫ 

Телеарна ХанТВ

МӘСКЕУДЕ ҚАЛЫҢ ҚАР ЖАУДЫ

Телеарна ХанТВ